Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  184


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Көкпар

Қазанат тектес бір атпен,
Қайқайып көкпар ілерсің.
Білекке біткен қуатпен,
Серкені жерден бүрерсің.
Сипалай салсаң сауырға,
Тықыршып тұлпар бура сан,
Ұйыған сүттей ауылға
Ұлы бесінде құласаң.
Болғандай бейне жол соқты,
Сусынға қымыз сұралып,
Бабында толған торсықты,
Қыз алып шықса бұралып.
Қамшының жыңғыл сабымен,
Тымақты кейін түрерсің.
Бойжеткен қызға бабымен,
Басыңды изеп күлерсің.
Қылықпен сырын ұқтырып,
Қымсына қарап тұрса қыз.
Əдіра қалып мықтылық,
Сөйлеуге келмес мұршаңыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу