Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.05.2022
555

Білім
Сынамақ боп бірде атам,
Сауал қойды тым қатаң:
- Ер қанаты не, ботам?
- Ел үміті – кім ботам?
Ер қанаты – пырағы,
Ел үміті – ұланы.
Сауалдардың жауабы,
Осылардан тұрады.
Сендер – елдің ертеңі,
Жəрдемшісі, өркені.
Ер қаруы – бес қару,
Білім соның – үлкені.
- «Ер қанаты – білім», - деп,
Атам тұрды күлімдеп,
Елге лайық ер туса,
Білімімен білінбек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter