Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.05.2022
116
Шымқорғанда жүруші ек...
Жүруші ек Шымқорғанда дабырласып,
Жатырмын енді үстімді бит, кір басып,
«Ерден-бақыт құтылмас» деген рас,
Жарыққа бір шығармын есік ашып.
Даңғыл жолға шығармын көңіл тасып,
Дос, туыс құшақтарсың анталасып.
Қаратып ауызыма қауым елді,
Сөйлермін бұрынғыдай асып-сасып.
Келемін тас боп жеңіп қиынды да,
Жаламен осы нəубет бұйырды да.
Баласын аз мұсылман алаламай,
Қандасым, жəрдем еттім, жиындыға.
Шалабын қиыншылық жұттық талай,
Төзімді қылыш қылып тұттық талай!
Өзіммен қатар жатқан бөтендердің,
Алдынан есе бермей ұттық талай!
Бұйырған несібені теріп жүрмін,
Ажалдың алдына жүз еніп жүрмін.
Бастығымыз Сталин біліп отыр,
Жарық күн туарына сеніп жүрмін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter