Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  122


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Әңгіме

-Апа,- деймін мазалап жан анамды,
Айтыңызшы тағы да жанағы əнді.
«Белде еді-ау, сенің аулың....» деп басталып,
Əр қарай созып кеткен хəлелауды.
-Апыр-ай, ол өлеңнің несі қызық,
Кетті ғой сұм соғыстың сесі бұзып,-
Деп анам бола қалар шəт-шəлекей,
Шүйкесін ұршығының есіп-үзіп.
-Шынымен сол мақамды жақтырдың ба,
Салайын мен ендеше «АҚ тұйғынға».


«Ақтұйғын айдай, бойың тал, əлуай...»
Осындай өлең бар ед көп құрбымда.
Аз-аздап қосыламын мен де бірге,
Əн айтса айналады ол қамкөңілге.
Соғыстың өшпес ізі қап кетіпті-ау,
Өмірдің ең көңілді əндерінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу