Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
107
Ана
Қарағайдай дауыл тербеген,
Қиналып жылдар өткіздің.
Сүтпенен, маңдай терменен,
Биікке бізді жеткіздің.
Арналы арман жолына,
Аялап, аттандырғансың.
Түспе деп жаудың торына,
Абайлап, сақтандырғансың.
Есеюді ойлап ерте-кеш,
Еңбекті дəйім жөн көрдім.
Бопсасы босау ерке емес,
Азаматың боп мен келдім.
Қуаныш, жеңіс жоқ емес,
Шыдаймын шілде, боранға.
Кеудемде əлсіз шоқ емес,
Лаулаған жалын бар онда!
Сезініп өмір өлшемін,
Өлеңдей отқа шарпылдым.
Болсам да, сенің бөлшегің,
Перзенті болам халқымның.
Сондықтан, тұрғанда мені!
Үмітпен қарап, қоршап ел.
Бар парызымнан, əуелі,
Құтылуыма мұрша бер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter