Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
111
Жаным -жара, жұбатады мені кім?!
Жаным-жара, жұбатады мені кім?!
Жоқ анашым, таянышым, серігім.
Баласынан Ананы ерте айырған,
Ей, тіршілік, қызығыңнан жерідім.
Көңілім қара, жүрегім-тас, жаным-мұң,
Анашымды ай өтпей-ақ сағындым.
Мені сонша айыратындай Анамнан,
Бұл Құдайға, сұм Құдайға не қылдым?!
Адамдарды сүйгенмін мен, сүйгенмін,
Сүйе жүріп қуануды үйрендім.
Бақыт күйін асқақтата шалқытам,
Деп тұрғанда, қайғы жайлы күй бердің...
Көрсетпедім көз жасымды досыма,
Күлді олар, қосылып күй -хошыма!
...Үш арсыздың бірі-күлкі осы ма?
О, опасыз жалған деген осы ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter