Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  136


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мəлім болды: күлем деп у ішкенім....

Мəлім болды: күлем деп у ішкенім,
Адыра ат терлеткен жүрістерім.
Маңдайым тасқа тиді, көз мұнартты,
Мұны ертерек білуге тиісті едім.
Тағы да жанды қинап сол мұң келді,
(Ей, тағдыр, мазақ етіп болдың ба енді?)
Қуаныш күткен күндер жалт бұрылып,
Қуарған сұм қайғыға орнын берді.
Берді де жалған екен-арман екен,
Бойымды сайтан жайлап алған екен.
У жайлап ми-жүректі, тілді заһар,
Сол заһар басқаға да тамған екен.
Сол заһар жүректі улап, миды жайлап,
Тілімді жақсы сөзден тынды байлап,
Күнəмді көтере алмай (тірі жүрмін)
Күніне жүз қайталап, бір құдайлап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу