Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
139
«Соғыс» десе...
Соғыс десе мұңаяды анашым,
Əлде біреу тырнағандай жарасын.
«Жылдар өтіп бара жатыр, əлі жоқ...»
Деп ақырын еске алады ағасын.
Жау етігі таптағанда гүл жерін,
Ауылыңда қала алмастан бір де күн.
Өз еркімен қан майданға аттанып,
Жазған жəне шайқасқа да кіргенін.
Қанға бөгіп туған Отан даласы,
Ерлер болды еңірегенге арашы!
Ерлігі аян жігіттер көп белгісіз,
Соның бірі-анашымның ағасы.
Бейбіт күндер қандай ғажап, арайлы!
Көк аспанды бұлт шалмаса жарайды!
...Анам болса «Қырық жылдан соң....»деген,
Газеттердің тақырыбын қарайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter