Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  145


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қаңбақ шал

Қарашы,əні,көрдің бе тамашаны,
Парадта жүр қазақтың қара шалы
Қара шалдың қоңырқай костюміне,
Қалай-қалай ордендер жарасады.
Еңкіш тартқан егде деп,ескермеп ек,
Қатал қабақ қарады: «төс керме» деп.
Жас кездегі жігері,қайсарлығы,
Мен ойладым:мұртына көшкен бе деп.
Оза шауып,бəйге алған қатарынан,
Дəл осындай айналсаң ата ұлынан.
Каңбақ шалды қысып ап құшағыма,
Сүіп алғым кеп кетті сақалынан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу