Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  155


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Анашым

Сен мені айыптама қадірлі анам,
Мінезім ауыр соқса дауылдаған.
Дертім бар жүрегімде қалыңдаған,
Өртім бар өшпейтіндей жалыңдаған.
Еркім бар ет жүректе дамылдаған,
Дамылдасын, бере көр, сабыр маған.
Анашым, бəйтерегім, мүсіңдімсің,
Сөдерің дертке
-дауа, күшің
-тылсым.
Дүниеде саялауым үшін жүрсің.
Тыңдашы, тепкіленген көкірегімді,
Жүрегім барлығын да түсіңдірсін.
Сен менің ет жақыным, ырыс-бағым,
Тазартшы көкірегімнің қуыстарын.
Төбемде алтын күнім-өзің барсың,
Білемін Батыс пенен Шығыс барын.
Ұрыспағын, өмірдің үғыс бəрін.
Сен мені тыңдағанда жаңылыспа,
Білемін жүрегім шоқ, алып ұшпа,
Көңілім əрі-жазда, əрі -қыста,
Өмірім əрі-ұзақ, əрі қысқа,
Толып тұр өкініш пен сағынышқа.
Жалынам, жақсы тыңда, жаңылыс па!
Тікенді табанымнан суырғансың,
Шоқ көрсең «күйдің-ау» деп сыбырларсың.
Сен мені барлық уақта ұғынғансың,
Аялы алтын күнім, бұл жүрек қой,
Басқамен шатастырма, мұның даусын!
Кім білсін, суда өлерін, мұзда өлерін?!
Шағылып таудан тапсын іздегенін,
Көміліп құмнан тапсын іздегенін,
Жарқырап жұлдыз болса, таңырқама,
Қираса-сынығын да іздеме оның!!!
Тек қана айыптама, қадірлі анам,
Келеді үмітіңді үзбе дегім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу