Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  307


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мұнайшы

Өңшең озат ұланның,
Кім білмейді еңбегін.
Ұлы Отан мұнайдың,
Беріп жатыр сол кенін.
Бақыт тілеп жолына,
Өз ұлындай ел сенер.
Барын беріп, жоғына,
Іздеу салған өңшең ер.
Ақ алғысын елінің,
Алған кісі – мұнайшы.
Қазба, байлық – кенінің,
Барлаушысы – мұнайшы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу