Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
171

Ғажап! – дейді жолдасым, - Ғажап! – дейді...
Ғажап! – дейді жолдасым, - Ғажап! – дейді,
Мынау – дала, иесі – қазақ дейді.
Мынау – таулар, мына – көл, мынау аспан,
Кеңдігіне куəгер – өзі-ақ дейді.
Жолдар – анау, қырды орап, он бүктелген,
Ауылдарға еркелеп, орғып келген.
Қара тас та, кəдімгі қап-қара тас,
Демін алып жатқандай кеңдіктермен.
Дала – байлық, қарашы құтқа мына,
Ризамын, ауасын жұтқанымда.
Кең дала, аспан-тау аясында,
Шөп те риза шөп болып шыққанына.
Тұнық сыры жай көзге байқалмаған,
Ауасы – бал, жері құт, айхай далам.
... Мен далаға айналып кетемін де,
Дала болып содан соң, қайта ойланам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇