Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  106


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қазына бар қарт түзде...

Қазына бар қарт түзде,
Саф алтынға бергісіз.
Іздеп өту – шарт бізге,
Табу, таппау – белгісіз.
Өз бағасын береді ел,
Кім көтерсе балғаны.
Маңдай терге теңелер,
Тапқаныңның салмағы.
Еңбек етіп байқарсың,
Қадам болсын оңыңнан.
Əуелі тап,
Айтарсың
Азабыңды соңыңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу