Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  120


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ұйқышыға бір сөз

Ұйқыңды қишы япыр-ау!
Ұйқыңды неге қимайсың.
Еңбекті сыйла, батыр-ау,
Терменен жеміс жинайсың.
Диқанның ісін ұмытқан,
Керенау халге түспей ме?!
Бір кісі қазған құдықтан,
Мың кісі сусын ішпей ме?
Ұйқыңды таста, ұйқыңды,
Жер бапта, дəнді терлеп, ек!
Боламын десең сүйкімді.
Ұйқыңды қойып, еңбек ет!
Өзгенің терме ырысын,
Еңбексіз өмір құрысын.
Кеттім бірақ, оянып...
Скафандр – басымда,
Роботым – қасымда.
Менен бұйрық күтіп тұр,
Кнопканы басуға.
Достарымды көремін,
Көп шаттыққа бөленді.
Басқышына кеменің,
Көтерілем ал, енді...
Тұрған көкке боялып,
Көрдім ғажап əлемді.
Кеттім бірақ, оянып,
Қимай жүріп əжемді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу