Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
105
Су
- Су! – дейді,
Күбірлейді құм кезерген,
Маңқыстау арман етті суды ежелден.
Жантақ пен ебелектің мекені боп,
Жайқалып шыға алмады гүл де жерден.
Ыстық жел, сары сағым, сол құм барып,
Сорлатты жолаушының қойнын қарып,
Алапат ащы суы айдынданған,
Теңізге қараушы еді ел мұңданып.
Талмады, талай байғұс ішіп көрді,
Тоқ теңіз тұщымады түсіп көңілі...
... Ұлы Отан, игі ғылым жетістігі,
Теңіздің ащы суын тұщытты енді.
Ақ қала аласұрып су демейді!?
Ырғын су! Іш, құя бер, гүлге, мейлі!
Адамның құдіретіне мойынсұнған,
Тəккаппар теңіз ғана үндемейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter