Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  192


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Фараби

Дəшті Қыпшақтың.
Қолбасы болар əр ұлы,
Арыстан жүрек, жолбарыс білек – дала ұлы,
Керуенге еріп көкжиек асып кететін,
Неліктен саған көшпелі тірлік дарыды?
Сом кесек күміс, ұсынды саған алтынын,
Алтынға, сомға сатылмай кеткен жарқыным.
Сырдарияға құйылып тұрған Арыстай,
Еліңді ойлап өтіпті бала, əр күнің.
Сығанақ пенен Сауранды ойлап өттің бе?
Таразды, Шашты, Сайрамды ойлап өттің бе?
Исфаған менен Нишапур жақсы, дегенмен
Фарабтай шаһар жоқ мүлде.
Фарабтың аты өшпеді тегі, өшпеді!
Көшті де кетті Шыңғыстың даңқы көшпелі.
Өнерің қалды, өрнегің қалды – кестелі,
Алтын жалатқан Кирдің басы емес местегі.
От басы тұсап омалтып қойды-ау ақылды,
Дамаскі болып алатын демің ақырғы.
Ескі Бағдаттың төрт қақпасы да қол бұлғап,
Кір жуып, кіндік кесілген жерге шақырды.
Шемен боп қатып, шорланып шерің көңілде,
Неліктен көндің жатуға жаттың жерінде.
Өткір пышағы жарқырап жүрген белінде,
Қыпшағым маған опа тапсырмас дедің бе?
Садақ сілтем жер – туған ел тұрды көңілде,
Туған ел тартқан ақымағын да, ерін де.
... Сан ғасырдан соң, орнынан тұрды
Отырар Фарабың,
Шөліркеп келген ұлына сүтін беруге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу