Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
131
Алтын бидай өлкесі
Тербеліп алтын бидай, тебіреніп,
Алтын күн шуақ төге еміреніп,
Ақырын айдарымнан аймалайды,
Аяулы атамекен желі келіп.
Шыдамас тентек кеуде селт етпеуге
Диқандар Отан үшін тер төккенде.
Даламның ұлан-асыр қуанышы,
Артық қой аңыздан да, ертектен де.
Даланы бала болып келген білер,
Даланы миллиардты берген білер.
Бақытын термен күрер, тербелдірер,
Даланы мекендейді орденділер.
Бірігіп, тер төгуге дос қолдары,
Білмейсің дала қане, аспан қане.
Аймалап алып күнді бара жатыр,
Ақ бидай, алтын бидай баспалдағы.
Қойыны кең даланың толған шебер,
Қалайша олар барда арман сөнер?
Даланың құдіретін түсінесің
Даладай қасиетің бар болса егер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter