Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
123
Айналайын
Айналайын!
Ерке едің сен не деген,
Сұлулықты сүюден өлмеген ем.
Сенің нәзік жаның мен жүрегіңді
Қиялымда кеудеме жерлеген ем.
Кірпігің мен ерінің дірілдеген,
Қабағың мен жанарың күлімдеген,
Балалықтың аулынан аулақтатып
Бара жатыр,
Бабында құлын денең.
Сен өртейсің отыңмен,
Алауыңмен,
Алауында ағын боп барамын мен.
Өзгенің де шоқ салып өзегіне
Өртенесің өзің де қалауыңмен.
Өкінбеймін.
Жанымды өрте менің,
Жаным менің жазира.
Өлке керім.
Аялайын қаласаң аялауды,
Аймалайын келсе егер еркелегің.
Құлын мүше сендегі,
Көрік,
Мүсін
Өртей-өртей мені де ерітті шын.
Мейлің ұқпа,
Мейлің ұқ, еске алармын,
Сүйме мейлі,
Сүй мейлі, еріктісің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter