Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
139
Алдама мені...
Алдама мені,
Жұбатпа,
Нәзіктікпенен жаулама.
Барайық дейсің бұлаққа,
Шығайық дейсің тауға да.
Мазала,
Мейлі мазала,
Өртеме бірақ,
Жандырма.
Жұтайық дейсің таза ауа,
Кетейік дейсің шалғынға.
Өмірді біраз көргем мен,
Тәттісің,
Сен де балдайсың.
Еркімнен мені бөлгенмен,
Өлеңнен бөле алмайсың.
Тұтқындау деген осы ма,
Сенімен енді біргемін...
Бермеші деуші ем басыма
Үйленгендердің күндерін.
Бұлдама, қалқам, көркіңді,
Төзбейді жаным ондайға.
Бәрін ал,
Бірақ еркімді
Өзіме берсең болмай ма?!
Мазала,
Мейлі жазала,
Нәзік ең өзің таң нұрлы...
Жұтыппын бекер таза ауа,
Кешіппін бекер шалғынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter