Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  137


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Тал бойыңнан тамшыдай мін көрмеймін...

Тал бойыңнан тамшыдай мін көрмеймін,
Әдемі бір әлемге кіргендеймін.
Алаулаған гүл-бақша арасында
Өзіңді іздеп,
Адасып жүргендеймін.
Қайда ғана кетесің енді менен,
Жазылмаған мен үшін сен бір өлең.
Ерініңді сеземін дірілдеген,
Жанарыңды сүйемін мөлдіреген.
Осылайша от қойдың, жаным, маған,
Қалды күндер алаңсыз дамылдаған.
Найзағайдай үстіне жасын түсіп,
Қара орманмын енді мен жалындаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу