Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  113


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Таудан астым, кездестім даламенен...

Таудан астым, кездестім даламенен,
Самалменен сүйісті бала денем.
Бұлбұлдардың мекені мынау дала
Дәл осындай жерұйық – маған әлем.
Шыңға шықтым қоштасып даламенен,
Бұлттар легі ағады төменде әрең.
Қырандарға сүйікті биік таулар
Дәл осындай сүйікті маған әлем




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу