Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
126
Қойтастар
Бірі – малта,
Бірі – алып тостаған,
Бірі сапсыз ожауға ұқсай бастаған,
Қой тастар көп Алматинка бойында
Бір заманда тау селі әкеп тастаған.
Не айта аламыз тастар жайлы,
Тау жайлы,
Көрмегендік көкіректі байлайды.
Әйтпесе ғой кейбір тастар
Әрқилы
Қазаннан да, қалқаннан да аумайды.
Бір заманда ағып түскен төбеден,
Алып тастар қорқынышты не деген.
Қобыландыны көрген жоқ-ты ешкімде
Жұдырығы десе соның сенер ем.
Дегенменен адамға сәл ой тастап,
Алатаудың биігінен ойқастап,
Түскен селдің тілін үнсіз ұқтырып,
Теңкиеді алып-алып қой тастар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter