Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  143


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Жаның неткен ғажайып мөлдір еді...

Жаның неткен ғажайып мөлдір еді,
Сезді жүрек, еріксіз елжіреді.
Қатпарында жүректің жатқан сырды
Бір-біріне қадалған көз біледі.
Омыраудың үзілген түймелерін,
Еркіндікке балаймын.
Сый көремін.
Тәттіліктің не екенін сөзден гөрі,
Елжіретіп айтады сүйген ерін.
Сағыныш боп самғаған сәуірлерден,
Сәулетай қыз, көзіңнен жалын көргем.
Тәтті құмар жанымды жақын көріп,
Тіліңе де рақмет балын берген.
Күйіп-жанбай аттау мұң үш қадам жер,
Ғашық жолы қызық та,
Қысталаң жол.
Махаббаттың ғұмырын ұзартады
Қыпша белден қаусырып ұстаған қол.
Сезім неткен жүйріксің атқан оқтан,
Сезіндірген сұлуды сәт қаратқан.
Өмір сүру – өртену,
Үміттену,
Үмітсіз жан – өлген жан ақ тамақтан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу