Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
119
Кеңдік
Пай, жондарым,
Асуым
Қыраттарым,
Баурайларым,
Бұлқынған бұлақтарым,
Кең даланың төскейін дүбірлеткен
Сендерді де сүйемін,
Пырақтарым.
Көз жеткісіз кеңдікті сүйер жанар,
Қызғанғандар тұз жалар.
Күйер, қалар...
Дала арқылы біздерді танығандар
Біз арқылы
Даланы білер болар.
Тарихы бар,
Даланың ерлігі бар,
Елдігі бар,
Бұл күнде теңдігі бар,
Иісі бар қыздар мен әйелдерде,
Жігіттерде көл-көсір кеңдігі бар.
Дарқандыққа үйретті дала мені,
Көкжиегі – күй менен ән әуені.
Сол кеңдікті сүйеміз жанымызбен,
Нені сүйсең –
Сол ғажап!
Сол әдемі!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter