Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
101
Теңіз
Арғы жағын бетке алдық біз айдынның,
Асығамын,
Тағатымнан айырылдым.
Көз ілеміз көк теңіздің үстінде,
Келмейді енді кері қарай қайырылғың.
Ал көкжиек көрінбейді,
Әлі алыс,
Сапар ұзақ,
Теңізде жоқ демалыс,
Толқындарын топтан алып,
Артыңнан,
Қаптап келе жатады бір қара күш.
Ақ кемеміз жағалаудан ұзады,
Орта жолға жеткен жоқпыз біз әлі.
Арман арман,
Желге жайып желкенін,
Асау теңіз ақырады ызалы.
Сапар сазы,
Бізді әрнеге таңдантпа!
Өмір – теңіз,
Қаратпайды алды-артқа.
Тентек,
Өршіл толқындарын өксітіп,
Жастық шақтың жағалауы қалды артта.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter