Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  102


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Ана тілі

Қызуымен көңілдің ала қашқан,
Қызығына өмірдің қарамастан,
Сен болмасаң егер де шынымды айтам,
Тұрар менің төбемде қаралы аспан.
Есептесем бәрімен тегінде мен,
Алатынын алады өмір менен.
Бірде-бір жан өзіңді кеміте алмас
Ондай ерік ешкімге берілмеген.
Маңдайыңа не алып сыяды ақын,
Жыр өзенін өзіңе құя алатын.
Нашар жырым үшін мен кінәлімін,
Ол – өзіңе жасаған қиянатым.
Жандырасың сен мені,
Сөндіресің,
Семдіресің,
Қайтадан өндіресің,
Сен ұққансың менің бар қасіретімді
Бар бақытым жайлы да сен білесің.
Кең айтасың,
Кемсінбей тең айтасың,
Ортайтасың,
Қайтадан молайтасың.
Сен шерткенсің менің бар өткенімді
Болашағым жайлы да сен айтасың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу