Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
136
Күрестік талай ғасыр азаппенен...
Күрестік талай ғасыр азаппенен,
Тірестік мазақпенен,
Тозақпенен.
Қаншама сыр ашады, қарап тұрсаң,
Бір ғана сөздің өзі – Қазақ деген.
Біз – берік
Біз құрышпыз,
Біз болатпыз,
Біз биік –
Біз сұңқармыз,
Мұзбалақпыз.
Оңынан оқысаң да біз Қазақпыз,
Солынан оқысаң да біз Қазақпыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter