Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
228
Шаңырақты көтереді уығы...
Шаңырақты көтереді уығы,
Түндігінен қарамаса қайғы азап.
Kүpeңіттi күздің қара суығы
Халың қалай,
Әй, қазақ?..
Жұлдыздар да жымыңдамай түндегі,
Қара аспанның мұң шалады мұнарын.
Базар барып бақ сынайтын күн бе еді
Басыңдағы мына күн...
Сарыдаланың сағымына сыр ашып,
Соқпағыңның шықты бiлeм сартабы.
Жазық жондар бұйра құмға ұласып
Бұйығады боз беткейдің барқаны.
Өзек талса,
өксіткенің өміріңді,
Тас көшеде тәрік болып талабың.
Қара базар қарайтады көңіліңді
Ақ ішіп жүр, қарағым..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter