Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.05.2022
109

Қазақта не көп ?
Қазақта не көп ?
Өлең көп!
Өлеңде не бар ?
Нелер жоқ?
Қызық-ау ойлап қарасаң
Әр қазаққа шаққанда
Шумақтан қанша келер деп?
Жолдары доллар боп кетсе
Әлемге бөліп берер ме ек ?
Доллардан жырым жоғары
Арзандап қалай көнермек?
Өлеңім еркін болмаса
Бүгінге ел боп келер ме ек ,
Тілімді ұқса дүние
Жарысып жырмен көрер ме ек,
Басқасы басқа, өлеңде
Қазаққа қай ел теңелмек ?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇