Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  161


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Өмірдің бар тәтті бал әні....

Өмірдің бар тәтті бал әні,
Айтылып бітпейтін бастаса...
Арулар сүйеді даланы
Өзінше, басқаша.
Тербеліп гүлдер де қырдағы,
Тұрғанда маңдайда ай жанып.
Кетеді даланың ұлдары
Шетінен ақынға айналып.
Жырлатып наз күлкі жанарын,
Шырқалып армандай ән болып,
Сүйеді ол батырын даланың
Айнымас жар болып.
Бұдан соң бәріне пана боп,
Өтеді еміреніп, сағынып.
Даланың ұлына Ана боп,
Далаға табынып.
Әжімге толғанша қолдары
Кезі жоқ еңбектен именген.
Тал бесік тербетсе, ол-дағы –
Даланы сүйгені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу