Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.05.2022
178
Бақи бол мәңгі, ақын қыз
Ішіне кірмей көкпардың,
Бәріне көндің жоқ-бардың.
Іргеңде тұрып Алматы
Ауылдық ақын боп қалдың.
Бақ тауып сүйген ұл-қыздан,
Сыр тартып гүл мен жұлдыздан.
Басыңа байлап жыр-жаулық
Кимедің бөрік құндыздан.
Кеудеңді өртеп бір жалын,
Қағазда қалды мұңдарың.
Жылы сөз күтіп қазақтан
Сен неге жүре тұрмадың?
Мазасыз жаның жай табар,
Жолыңды сан қыз қайталар.
Әкеңдей Әбу ақынға
Бізден де сәлем айта бар.
Тұр дерсің орны үйінің,
Ақынға айт бізде қиынын.
Өзімен кетті дегейсің
Жердегі соңғы мейірім.
Бақи бол енді, ақын қыз,
Ұстауға қалам батылмыз.
Даланы сүйген жүрекпен
Далада қалып жатырмыз
Бақи бол мәңгі, ақын қыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter