Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  142


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Ауыл көшкен астынан қия, қырдың..

Ауыл көшкен астынан қия, қырдың,
Азайып тұр қыз назы, ұяты ұлдың.
Зулап жатыр жағада, қайран өмір
Сахнасы сияқты театрдың.
Не сыйлайды, білмеймін, мына көктем,
Өзен тыныш, былдырлақ бұлақ өктем.
Әртіс болып жүрмін мен, ойлап тұрсам,
Бір басымнан қаншама драма өткен.
Жиі кезіп жолдардың бұралаңын,
Осынша жыл мен қалай шыдағанмын.
Бәрі есімде, досымның сатқан кезі,
Өзім күліп, жүрегім жылаған күн.
Көк көбелек көзімде жүреді елес,
Менен өзге оны ешкім біле бермес.
Досың жұлса орнына өспейтұғын
Қанатымда қауырсын түгел емес




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу