Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  146


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Ой-қырда ойнақ салған...


Ой-қырда ойнақ салған
Мен ерке киік едім,
Сен ойға орнап қалған
Арманның биігі едің.
Мен жасыл белдердегі
Гүлдердің егізі едім.
Сен менің кеудемдегі
Шаттықтың теңізі едің.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу