Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
248
Сен кешір мені...
Сен кешір мені –
Мұңайған шақтарыңда,
Ақ таңдарың арайлап атқанында,
Жастық шақтың жыр толы бақтарында
Жаныңда бола алмасам,
Келемін деп алдасам.
Қумағын мені сарғайса мынау атырап,
Жел болма, жаным, болмайын мен де жапырақ.
Самарқау күзде бұтақта жалғыз мұңайып
Тұрмайын әлсіз қалтырап.
Оралам саған жайнаған жазым жеткенде,
Көңілсіз күзде
Немесе гүлді көктемде.
Түндермен әлде таңдармен саған оралам,
Осындай менің мінезім, жүрме өкпелеп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter