Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
133
Көл тағдыры
Қуалай соққан көздей жайма көлді,
Ұнатам Мамырдағы майда желді.
Көргенде шымырлайды жүрек тұсым,
Жағасын жайлап жатқан қайдағы елді.
Көрсеткен қылығынан мола басты,
Ласқа тұнығымның толады асты.
Түсті де жұлдыз ағып аспан сыза,
Ай-күннің аманында жол адасты.
У-шудан арылмастан талды басың,
Талайды тағдырыңмен дал қыласың.
Досымның түңілгеннен сынып өңі,
Мерейі үстем болып қалды қасым.
Құлағын тыныштықтың түре кейде,
Қарғалар қарқылдаса бірегейде.
Үкілі үйрек тұрар үрке қарап,
Бетіңді шимайлаған шүрегейге.
Жайлаған жайма шуақ жайма көлді,
Таң қылып келді-кетті қайдағы елді.
Сипаған маңдайымнан май жаққандай,
Ұнатам Мамырдағы майда желді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter