Өлеңдер ✍️
Жел
Қуалай соққан сүйем желді күзгі,
Сол сансыз сыпыратын ендігі ізді.
Есті алар қылығы бар ерке дерлік,
Кей-кейде қойын кеулеп, белді үзді.
Көріністі куə етіп көшкен көзге,
Қылыққа бастап қыңыр естен безбе, –
Айнала еңіс кезіп ескен кезде,
Мен оған таба алмаймын еш теңді өзге.
Ерекше сергек сезім сүймес еді,
Тал бойым талма желге иді есебі.
Көңілсіз көгал шайқап күрсінгенде,
Көңілім ала құйын күй кешеді.
Еңсемді жүре-тұғын езіп көптен,
Кеткен-ау, шығып білем сезік шектен.
Тұрмайтын қолды-аяққа жел секілді,
Бір кезде мен де ауылдан безіп кеткем.
Сай-сала, елең қылмай өзін де өрдің,
Құйынша құбылысын сезім дермін.
Қаңсыған бос құбырды қуа соғып,
Ұлыған аш қасқырдай кезін көрдім.
Елемей енді бірде күлкің кемін,
Үзердей үздікпелі бір күн демін.
Күз шалды жапырақтай жүрегіммен,
Ойнайды мысық-тышқан шіркін желің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter