Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
175
Жанымды айықпастай мұң басқанда....
Жанымды айықпастай мұң басқанда,
Келетін жұлдыздары ымдасқанға, –
Жылы бір қоңыр күзде өлсем деймін,
Қапысыз қарап жатып түнгі аспанға.
Келмейтін деуге, сірə, ерке неткен,
Күз желі көңіл қылын шертеді еппен.
Үзілді жүрегімнің бір тамыры,
Қызыммен бірге өмірден ерте кеткен.
Көз жасын көрсетпестен селдеп өтті,
Шіркін-ай, беріп жатып желге бетті, –
Əдемі қарсы алар ем қас қақпастан,
Ажалды мысық табан келген епті.
Көңілді алып қашқан мұзға басты,
Сүрлеме сіңір соқпақ құзға қашты.
Қаланы жамбасқа ала Ай да туды,
Қазандай қызылқарын қызған асты.
Толқындай сыңси келген сезім легі,
Қоздатып сағынышты көзімдегі, –
Жаратқан, ризамын алып кетсең,
Шаңдатқан құс жолымен өзің мені
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter