Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  136


Автор: Аманхан Əлімұлы

Сере таумен сырласу

Сере, сере, сере тау сіреспелі,
Мына тірлік бітпейтін күрес тегі, –
Басыңды бұлт буып, күз шалғалы,
Сеземін желің суық тұр ескелі.
Тартылған күрең табан таспа жолың,
Аңғартар аңның атпа баста молын.
Тінтиді бала бүркіт қойыныңды,
Салардай армансыз бір «асқа қолын».
Жанарын еспе балақ сүзген түзге,
Қайыру бермес сірə, сіз бен бізге.
Аңсары оның біле білсек егер,
Қыранда қия кезіп жүзген күзде.
Сере тау қарлы басың тұр-ау налып,
Біріміз бірімізден сыр ауладық.
Қалғалы күреңтөбел күзге ұрынып,
Біздің де самай қалды қырауланып.
Үйіріп үйірімен мұңды басқа,
Өткізіп жатырмыз біз күнді қасқа.
Қалатын жайымыз бар өзіңе ұқсап,
Күн көзін көре алмастан түндік ашпа.
Мына тірлік бітпейтін күрес тегі,
Азынап суық желде тұр ескелі.
Біздің бас сіздің бастан басқалай-ау,
Сере, сере, сере тау сіреспелі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу