Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  145


Автор: Аманхан Əлімұлы

Мезгілсіз түскен ала қаспақ қардай...

Мезгілсіз түскен ала қаспақ қардай,
Соңында мың сан ізін тастап, барлай,
Аспанды дүрілдетіп, дірілдетіп,
Бұлттар өте шықты составтардай.
Бастыға келмейтүғын із қашқанмен,
Ісініп жатыр қилы ыз басқан көң.
Теңселіп оңды-солды желді күні,
Шулайды тозған тоғай күзгі аспанмен.
Көңілсіз өтіп жатыр күйрек жалған,
Судағы иректі іздей үйрек салған.
Сиреп қалған қатары кеңсені емес,
Аяймын мешіттерді күйреп қалған.
Кетіп-ақ тұр жайдарман жайдың мəні,
Мына жұрт сан көтерер қайғыңды əлі.
Булығып буғанымен бұлт көкті,
Өткені нəр тамызбай қай қылғаны.
Аспанның көзіндегі шелін шуда,
Сылыды ей, табиғат желің қума.
Теңселіп тұрған тоғай, көшкен бұлт,
Тағдырым емес пе екен менің шулы, ə...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу