Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
139
Күзгі көңіл
Туатын ат жақты Ай келдi кезiң,
Түнгi аспан тұр аша алмай шелдi көзiн.
Iшiн тартып ұлыған шибөрiдей,
Көрсетедi келеңсiз жел мiнезiн.
Кер төсiнде ойнаған қунақ қырбаң,
Ақжем соқпақ құлайды тулақ қырдан.
Тоғай емес, тоқымдай тоза-тоза,
Менiң көңiлiм секiлдi шулап тұрған.
Жат еткендей жазымыш құсты көлге,
Уақыттың салмағы түстi белге.
Күздi күнгi жапырақ сияқтанып,
Қанша сөзiм iз-түзсiз ұшты желге.
Қардың басын, мысалы, қар алатын,
Көңiл күйде қапалы барады ақын.
Қарс қабақ ашпайды қараңғылық,
Сен де өмiр, жатсына қарама тым.
Тiрлiк немең бiлгенге бастан күйiк,
Жаратқандай қышқылтым жастан жиып.
Үйде туып, амал жоқ түзде өлмеске,
Дала байтақ, сонан соң аспан биiк
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter