Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
130
Малығандай жосаға төстi жалқын...
Малығандай жосаға төстi жалқын,
Қоңыр дала бұзбастан кешкi қалпын, –
Күздегiдей жапырақ сыбдыр қағып,
Күздегiдей желең жел естi салқын.
Сəуле мың сан құбылтып созытпа үттi,
Табиғаттан бiр жайды қозып күттi.
Əлi-ақ мына кеңiстiк күзге ұрынып,
Күйге түсер жамаудай тозып бiттi.
Отырамын оңаша ойды кешiп,
Созғанменен биiкке бойды iлесiп, –
Бiзден басқа ел-жұрттар баяғыда-ақ,
Аспан жаққа тобымен қойды көшiп.
Уақыт алып өтпе белден берiк,
Басылар ақ бөкендей желген желiк.
Елдiң мұңын қозғайтын болады əлi,
Менен басқа жас ақын елден келiп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter