Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
178
Табиғат
Тұратын пана көріп жиі ақ талды,
Лүп еткен желден сыңсып қияқ қалды.
Аспанды бұлт буып, нөсер құйып,
Қаран су қаптап кетер сияқтанды.
Бас көзге қарамайтын бетті неме,
Түбіме кіді мезгіл жетті деме.
Жамырап жапырақтар қоя берді,
Сыбдырлап қамыстар да кетті неге?!
Жай емес еді көптен бастан кешкен,
Жағдайды көріп тұрмын аспан көшкен.
Қарбыздай жарылды да бұла бұлт,
Күркіреп күн де кетті астан-кестең.
Келмейтін деуге, сірə, тауыпты епті,
Сұп-суық жел де есті қауып бетті.
Пойыздай солқылдатып өткен жерді,
Нөсерін қимай бұлт ауып кетті.
Өсімдік сияқтанып тіні езілген,
Аумайтын ақын білем, күн өзімнен.
Көрдік-ау, ей, табиғат, көресінді,
Аумалы-төкпелі осы мінезіңнен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter