Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  248


Автор: Аманхан Əлімұлы

Жалғыздық

Жападан жалғыз бөлмеде,
Жатырмын, ек кеш арасы.
Келмейді үйге ел неге,
Көрінбейді де қарасы.
Ерек бір күйде бүгін мен,
Түсірдім неге сені еске?
Қабырға бойлай жүгірген,
Елесің сенің емес пе?
Кескендей кенет жолымды,
Көңілсіз келген ой мынау, –
Жоқтықпен аяқ-қолымды,
О, тірлік, матап қойдың-ау!
Алыста о қыз айтулы,
Елес боп келіп тұрады.
Қауын тілікті Ай туды,
Сияқты көктің шырағы.
Оңаша бөлме, ой кешкен,
Жабыңқы жүрек сыздайды.
Өзіммен өзім сөйлескен,
Тимейді маған күз жайлы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу