Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.05.2022
136
Көрініс
Із-түсіз тағдыр, шіркін, өтеді ме,
Сүрініп жығылды əйел етегіне.
Табытта ұлы жатыр, о, Жасаған,
Əйелдің көз жасына жетеді не?
Тобықтан қақты ажал қағыс келіп,
Жүргенде іздеп күндік табыс желіп.
Мысалы, кейде кетер лайланып,
Өмірді кері ақпас ағыс делік.
Тасқа ұрып басты жылар, жыртып жейде,
Жас ғұмыр ерте солған бүртіктей ме?
Со табыт, со ананың жасы мені,
Ұйқымнан оятады түртіп кейде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter