Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.05.2022
96
Шәкәрім
Басына қонғанда бақ шебер ұлдың,
Айықпас селнөсерін төгерін мұң, –
Көрдім мен,
Жасты көзбен қарап тұрып,
Тас маңдай тағдырына Шəкəрімнің.
Болмаса – болған қайғы – сол, бекерден,
Жырымды қасіретке шөлдетер ме ем?
Не шара...
Ол өкініш өшпейді енді,
Қандасы – қайсарына қол көтерген...
Жауыздақта халқым аз күйремептіау,
Қайда барсаң ызалы, күйгелек жау...
Тірісінде жағадан алса ақынды,
Өлгеннен соң мүрдесін сүйрелептіау!
...Зұлымдық биігімді аласартып,
Кетсе де иығыма наланы артып;
Мен бүгін жендеттерге дұға арнадым,
Қайтадан тумауы үшін Қарасартов!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter