Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  263


Автор: Назира Бердалы

...Сағына тұрып, «қош» дейтініңе таңғалам...

...Сағына тұрып, «қош» дейтініңе таңғалам,
Қоштаса тұрып, кетпейтініңе таңғалам.
Жүрегімдегі сен өзің жаққан сол шырақ
Қанша үрлесем де, өшпейтініне таңғалам.
Ынтығып тұрып...сүймейтініңе таңғалам,
Қуарып тұрып гүлдейтініме таңғалам.
Жүрегіме еш маза бермеген сол сұрақ,
Жауабын сенің білмейтініңе тағалам.
Бақыттың дәмі – бал екеніне таңғалам,
Махаббат деген бар екеніне таңғалам.
Таңданып қарап тек екеумізге бар ғалам,
«Тағдырың - осы» деп тұрған сынды, таңдаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу