Өлеңдер ✍️
Ұмыта алмай мен сенi жүрмiн әлi...
Ұмыта алмай мен сенi жүрмiн әлi,
Сенi iздейдi миымның мың бұлағы.
Көтертпейтiн көңiлдi кiрбiңiм бар,
Әлi күнге, содан ба, мұңды жаным.
Ол мұңымды мен кiмге айтам барып,
Саған дағы жалынбан жаутаң қағып.
Жалғызсырар жүрегiм мына өмiрдiң
Тұрғандығын көргенде сайқалданып.
Басқа-басқа. Сен бiрақ өзiм едiң,
Өзiмменен сәт сайын кезiгемiн.
Алыс қашып сен менен жүрсең дағы
Мәңгi бiрге жүргендей сезiнемiн.
Сенбесең де, сенсең де өзiң бiлгiн,
Сенi ойлаумен әйтеуiр көзiмдi iлдiм.
Жалғыздықпен бетпе бет келгенде де
Жанымды жауға бермей өзiң жүрдiң.
Сенгенмiн. Сендiрем деп қайтем бiрақ,
өмытам деген сөзiм құр сандырақ.
Түсiн- деп қанша қалап тұрғаныммен
Өзiңе оңай тиер жүрсең жырақ.
Жанымды қауып қалған қақпаным бар,
Сергелдең ауыр шығар соқпағым да.
Сен менен алам десең, басқасы емес
Өзiңе деген сезiм аппағын ал...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter