Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  175


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Мен сенi сүйгенiм рас, жасырмаймын...

Мен сенi сүйгенiм рас, жасырмаймын,
Жарқ етiп тұрып қалған жасындаймын.
Өзiңнен күйiп қалған бiр сәтiм мен
Өзiңдi сүйiп қалған ғасырдаймын.
Мен сенi сүйем әлi, күнiм менiң,
Алдыңда күйiнгенiм, сүрiнгенiм.
Сен бар деп өмiрден де түңiлмедiм,
Жырларым - жанарыңа үңiлгенiм.
Мен сенi сүйем дегем, айтам әлi,
Сен үшiн сезiнгенiм, байқағаным.
Сыйлаған өзiң маған бақытымды
Әлемге өлең етiп қайтарамын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу