Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  146


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Көп күн өттi өзiңдi көрмегелi...

Көп күн өттi өзiңдi көрмегелi,
Дидарыңа бiлмеймiн шөлдедiм бе?
Мен өлсем де сезiмiм өлмеп едi,
Салмақ түспес деп едiң өрде кiмге...
Кешiрiм де сұрама, жалынба түк,
Кешiрердей бiрдеңе болды ма өзi?
Сүйдiргенiң үшiн-ақ жалындатып
Бәрiн дағы ақылға жеңгiземiн.
Қайтесiң-ау, бұл өмiр сыры жұмбақ,
Ертеңгi күн не болар, тым белгісіз.
Кешегіден күлкіңнің тұнығын ап
Сақтап қойдым кеудеме түн көргісіз.
Маған сол да жетеді мәңгілікке,
Сағынбайтын шығарсың сен де мені.
Қош, аяулым, сен мені енді күтпе,
Қоштасқанды осылай жөн көремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу