Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.05.2022
144
Шықпай қойдың көңiлiмдi қалдырып...
Шықпай қойдың көңiлiмдi қалдырып,
Бүтiн едiм, үш бөлдiң.
Сонда аспанға қарап жатып,
Көкiрегiмде сан күдiк,
Өзiң жайлы түс көрдiм.
Көгал жасыл, аспан қандай көкпеңбек,
Шулап жатыр күллi ағыс.
Сенiң барлық қызық шағың
Туған күнi өткен- деп
Айтып салды бiр дауыс.
Қашан өттi, бiлмей қалдым мен қалай?
Ойланғанмен жетпедiм.
-Сонда сен не? Бұл өмiрден
Кiлең шаттық (жалған-ай)
Көрем деп пе ең теп-тегiн?!
Ұғамын деп осы сөздiң төркiнiн
Басым мең-зең, ой алаң.
Жә, жетедi. Түсiм ғой бұл.
Сезiмiмдi өлтiрiп,
Көзiм жұмсам, оянам.
Оянармын. Ұмытылар барлығы.
Боласың ба мәңгi ұмыт?
Бiрақ сол бiр түсiмдегi
Бар қызық пен сан күдiк
Кеттi-ау iзiн қалдырып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter